Биылғы жылдың 7 айында Қазақстанда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан бойынша барлығы: 66 014 тұрғын үй (оның ішінде – 21 193 жеке үй) салынды.
Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі еліміздің барлық өңірінде артты.
Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Жалпы құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,1% құрады.