• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 17 Тамыз, 2021

Көлсай аумағынан қауіпті жерлер анықталды

953 рет
көрсетілді

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік соқпақтар мен маршруттардағы қауіпті аймақтар тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша , тексеріс барысында төменгі Көлсай көлінің сол жақ және оң жақ жағалауында 2 сырғыма қауіпі бар учаске анықталды.

Олар Көлсай орманшылығының 9 орам 24 телімінде және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 2,12 га аумағында орналасқан жерде анықталды.

«Осыған байланысты тиісті Акт жасалды. Адамдардың қауіпсіздігі үшін қауіпсіз аймақтар белгіленді, арнайы ескерту тақтайша жасатуға тапсырыс берілді. Қауіпті аймақтар бойынша алдағы уақытта шаралар қабылданатын болады», делінген хабарламада.