• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Шығыс Қазақстанда 890 тонна шөп өртеніп кетті

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері 890 тонна шөпті сөндірді. Өрттың шығу себебі - отқа ұқыпсыз қарау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тек соңғы екі аптаның ішінде Катонқарағай аймағында - 14 тонна, Жармада - 92 тонна, Үржарда - 12 тонна шөп жанып кеткен.

Алтай аймағында тасымалдау кезінде тіркемеде сақталған 1 тонна шөп өртенсе, Глубокое ауданында жеке үй аумағында 11 тонна шөп өртенді.

«Өрттердің себебі – отқа ұқыпсыз қарау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске сақтауды сұрайды», деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар