• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2014

Футбол: «Астана» клубымен келісім-шарт жасасты

330 рет
көрсетілді

Біріккен араб әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» командасы қорғаушы Евгений Горячиймен, Абзал Бейсебековпен және жартылай қорғаушы Марат Шахметовпен келісім-шартты ұзартты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Команда тағы екі ойыншымен келісім-шартқа отырды. Енді келесі маусымнан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Дмитрий Шомко мен Серікжан Мұжықов «Астана» клубында өнер көрсетеді.

Марат Шахметов астаналық командада осымен алтыншы жыл қатарынан ойнайтын болады. Ол осы уақыт ішінде 137 рет алаңға шығып, 7 гол соққан. Абзал Бейсебеков болса, астаналықтардың жейдесінде алғаш рет алаңға 2009 жылы шықты. Содан кейін екі жыл басқа командада ойнап, 2012 жылы қайтіп келді. «Астана» клубында ол 64 матч өткізіп, қорғаушы болса да бір голдың авторы атанды. Ал Евгений Горячий осымен үшінші жыл қатарынан астаналық команданың құрамында ойнауға келісімін беріп отыр. Ол команданың сапында Қазақстан кубогын жеңіп алса, бір рет Премьер-лиганың күміс жүлдесіне ие болды. Дмитрий Шомкоға келсек, ол «Астана» құрамында 2011 жылы 11 ойын өткізген болатын. Жалпы, Қазақстан чемпионатында 121 матч өткізіп, 8 гол соққан. Серікжан Мұжықов Премьер-лигада 129 ойынға қатысып, 12 рет голдың авторы атанды.

Қазір командада Босния және Герцоговина жастар құрамасында ойнаған Марин Аничич те сынақтан өтуде.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: «Астана» футбол клубының баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко.

Соңғы жаңалықтар