• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Тамыз, 2021

Елімізде вирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

348 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың дерегінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 228 елдің 38-інде аурудың жаңа жағдайлары 50 пайыздан астам артып отыр.

«Соңғы аптада аурудың ең жоғары өсімі Әзербайжанда байқалды. Бұл елде бір аптаның ішінде ауру 131 пайызға, ал Израильде 63, Жапонияда 21 пайызға өршіді. Қазақстанда апта ішінде өсім 2 пайызға төмендеді», деді министр.