Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин «қызыл» аймаққа кірген өңірлерде демалыс күндері карантин режимін сақтауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
«Тұрғындардың шектеу шараларын сақтауын бақылауды жалғастыру керек, бұл үшін өңірлерде мониторингтік топтардың саны көбейтілді, олардың қызметінің тиімділігін күшейту қажет. Барлық аймақ пен мемлекеттік орган вакцинация қажеттілігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейтіп жатыр. «Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде демалыс күндері оқшаулау режимін сақтау қажет», деді Премьер-Министр.