• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Тамыз, 2021

Алматыда коронавирус жұқтырған 188 бала емделуде

312 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 6 074 науқас ауруханада жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Инфекциялық стационарларда 6 074 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 8 910), оның ішінде 188 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Стационардың реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 434 адам жатыр. Ал 65 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 188 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 194 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 532 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 988 науқас. 543 адамда коронавирус белгілері жоқ.