• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2021

Қазақстан демократиялық елдер тізімінде нешінші орында?

1483 рет
көрсетілді

The Economist журналының зерттеушілері Қазақстанды демократиялық елдер тізімінде 128-орынға қойды. Тізімде барлығы 167 ел бар, деп хабарлайды Egemen.kz Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сауалнама нәтижелері мен сарапшылардың пікіріне негізделген. Барлық критерийлер сайлау процесі мен плюрализм, Үкімет қызметі, саяси қатысуы, саяси мәдениет, азаматтық бостандықтар сынды бес негізгі категорияға топтастырылды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның индексі 3,14 балл болды, бұл авторитарлық режимдер деңгейіне сәйкес келеді. ЕАЭО мен Орталық Азия елдері арасында Армения, Қырғызстан мен Ресей ғана тізімде жоғары тұр.

Норвегия, Исландия және Швеция ең демократиялық елдер деп танылды. Солтүстік Корея тізімнің соңына жайғасқан.