Бұған дейін ол 142 мемлекетте анықталса, бір апта ішінде көрсеткіш 148-ге жетті. Одан бөлек кейінгі күндері вирустың «альфа», «бета» және «гамма» штамдарының да таралу географиясы кеңейген, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде бір аптада коронавирусты жұқтырудың шамамен 4,5 миллион дерегі расталған екен. Ең көп вирус жұқтыру көрсеткіші Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркелді.