• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Тамыз, 2021

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 139 адам қайтыс болды

452 рет
көрсетілді

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 139 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен (КВИ+) 121 науқас қайтыс болды, ал теріс нәтижемен 18 пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан (КВИ -) қайтыс болды.

Сондай-ақ, бір тәулікте пневмониямен ауыратын 421 адам тіркелген.   Сондай-ақ, 19 тамыздағы мәлімет бойынша 121 113 адам коронавирус инфекциясынан (115 764 КВИ+ және 5 349 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде: 30 286 пациент стационарда, 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 856 адамның жағдайы ауыр, 540 пациенттің жағдайы өте ауыр, 265 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.