• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Тамыз, 2021

СІМ Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

312 рет
көрсетілді

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан барлық тарапты ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз.

Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс», деп жазылған хабарламада.