Мұғалімдер мектеп оқушыларына арналған оқулықтарды өз бетінше таңдай алады, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз 1-11 сынып оқушыларына арналған балама оқулықтар туралы айтып отырмыз. Біз ең тиімді оқулықтарды мұғалімдердің өзі таңдауын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Бүгінде бізде гимназия, лицей, орта мектептер үшін біркелкі оқулықтар бар, бірақ онда профиль ескерілмейді. Аталған норма бұл мәселені шешеді, оның ішінде мұғалімдердің қажеттілігін ескере отырып тапсырыс беруге мүмкіндік береді», деді Білім министрлігінің басшысы республикалық тамыз конференциясында.
Министр «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» оқулықтары барлық мектептер үшін өзгеріссіз қалатынын айтты.