Мұғалімдер біліктілігін арттыру екі жылда бір рет өткізілуі мүмкін. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі кезде біліктілікті арттырудың орталықтары қайта жүктеу кезіңнен өтіп жатыр. Бұл кезеңде біліктілікті арттыру курстарының мазмұны мен сапасына қадамдар толықтай жаңартылады. Олар ғылыми әдістемеге негізделген. Сонымен қатар, мұғалімдер біліктілігін бес жылда бір рет емес, екі немесе үш жылда бір рет өткізу мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз», деді А. Аймағамбетов.
Оның пайымынша, бұл қадамдар маңызды болып тұр. Себебі саладағы жағдай өте қарқынды өзгеріп жатқан кезеңде педагогтар біліктілігін тұрақты арттыруды қамтамасыз ету маңызды.