• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2021

Ломбард қызметкерінің қомақты қаржы жымқырғаны анықталды

248 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы басты кеңсенің қызметкерлері Павлодар қаласында орналасқан ломбард кассасына тексеріс жүргізген кезде 6,5 миллион теңгеден астам қаржының қолды болғанын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тауарды бағалаушы тұрғындар ломбардқа өткізетін алтын бұйымдардың салмағын қосып көрсетіп, артық ақшаны өздері жымқырып отырған.

«Тексеріс барысында кассадан азайған ақшаны ломбард қызметкерлері өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Тәртіп сақшылары көп жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрін кассирлер, бухгалтерлер, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлар, сарапшы бағалаушылар жасайтынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар