Күндіз 20 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Қызылорда қаласында 20 тамызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауыл болады.
Түркістан облысының батысында шаңды дауыл, таулы аудандарда және облыстың батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 25 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда Түркістан қаласында да шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты жел болып, облыстың барлық аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қаласында күндіз 40 градус өте қатты ыстық қүтіледі. Қарағанды облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 20-22 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с, 21 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында 20-21 тамызда солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады.