Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған балалар саны артып, 1 082-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста коронавирус жұқтырған балалардың саны 1 082-ге жетті. Бұл есепке туғанына небәрі 28 күн толған сәбилер мен 18 жасқа дейінгі балалар алынған. Қауіпті инфекция жұқтырған балалардың 842-сі емделіп шықса, 225-і дәрігерлердің қарауында. Соның ішінде 27-сі инфекциялық стационарда ем алып жатыр.
«Бұрын балалар коронавирусты жұқтырғанда көп жағдайда аурудың белгісі білінбейтін. Қазір ауырып, ем алып жатқандардаң жағдайлары орташа. Олар ауруханаға қатты дене қызуымен, дем ала алмай түседі. Сол себепті сақтанып жүруге, қоғамдық орындарға бармауға кеңес береміз», дейді СҚО көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьялов.
СҚО-да өткен тәулікте 166 адам коронавирус жұқтырса, соның 16-сы – 18 жасқа дейінгі бала. 38-і үй карантиніне жіберілді. Жалпы пандемия басталғалы 1 жасқа дейінгі 17 сәби ауырған. 1-3 жастағы 45 және 3-5 аралығындағы 19 бала жұқтырған.