• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2021

«Алатау Жарық Компаниясына» айыппұл салынды

359 рет
көрсетілді

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Комитетке қарасты Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, «Gorsvetgroup» ЖШС-ның өтініші бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеріс нәтижесі бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 26-бабы 2-тармағы 8 тармақшасы бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Алатау Жарық Компаниясы» үлгілік шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін тұтынушылармен жеке шарттар жасаспаған.

Осыған байланысты, ТМРБД-ның қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4 млн 667 мың 200 теңгеге айыппұл салды.

Айта кетерлігі, департамент қаулысына қатысты Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түскен, алайда департамент қаулысы күшінде қалды.