• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2021

Коронавирус: Жамбыл облысында 179 адам жансақтау бөлімінде жатыр

130 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында 179 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысының инфекциялық стационарларына барлығы 3 634 төсек орын қарастырылған, оның ішінде 1 976 кереует толтырылған, бұл - 54 пайыз. «Қазіргі таңда жансақтау бөлімдерінде 179 науқас ем қабылдауда.

Өткен тәулікте КВИ-дың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін ауруханадан барлығы – 11 713 азамат сауығып шықты.

Карантиндік стационарларға 23 тұлға орналастырылған. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.