• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2021

Канело абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізеді

337 рет
көрсетілді

Супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек 6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Канело өзінің әлеуметтік желілерінде алдағы күрес туралы ресми түрде жариялады.

«6 қарашада біз Мексика боксын шыңға шығарамыз! Қоржынымда жетіспей тұрған белбеу үшін барамын!», деп жазды боксшы.

Канело Плантты жеңген жағдайда 168 фунтта абсолютті әлем чемпионы атағына ие болады.