«Лексус» маркалы жол талғамайтын көлікке 120 дана су маржанын тиегендер Исатай ауданы Жанбай ауылының тұсында ұсталған, деп жазады Egemen.kz.
Таңғы сағат 5-тер шамасында бағалы балық әкеле жатқан көлік жолға шыға алмай, батып қалыпты. Тәртіп сақшылары браконьерлерден жарты тонна бекіре тұқымдас балық пен екі дорба ау құралдарын тәркілеген.
«Осы іске күдікті деп танылған 1971 жылғы азаматтың осыған ұқсас баппен бұрын да соттылығы болған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚК 339-бабы1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.