Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 354 адамнан анықталып, 26 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Сондай-ақ аталмыш дерттен 136 адам жазылып кетті.
2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 67495 адамды құрап, 4200 адам осы дерттен қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 57591-ді құрап отыр.