Сиднейде COVID-19 науқастары санының өсуіне байланысты карантин бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 23 тамыздан бастап күшіне енетін жаңа шектеулердің ішінде мегаполистің 12 ауданында 21:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізіледі және үйден тыс жерде маска кию талап етіледі.
Черногория эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шетелдіктердің елге кіру шарттарын қатаңдатты. Сондай-ақ, елде ашық аспан астында 50-ден астам ересек адамның жиналуына тыйым салынды.
Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік санының өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Жапонияда 25 155 жағдай, Малайзияда 23 564 жағдай, Филиппинде 14 895 жағдай анықталды.