• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Тамыз, 2021

Ольга Рыпакованың қызы әлем чемпионатының финалына өте алмады

277 рет
көрсетілді

Кенияның Найроби қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіру жарысының іріктеу кезеңіне қатысты,  деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Біріншіліктің финалына өту үшін Рыпаковаға 1 сантиметр ғана жетпей қалған.

Ұзындыққа секіруден сынға түсетін спортшылар 6,35 метрді бағындыру керек болған немесе 12-орынды иеленуі керек. Ал, Рыпакова өзінің ең үздік нәтижесінде 6,05 метрге секіріп, 13-орында қалды. Нигериялық Рут Агадама 6.06 метрге секірді. Нәтижесінде Агадама финалға дейін жетіп, 12-орынды иеленді.

Айта кетейік, Анастасия - 2008, 2012, 2016 Олимпиада ойындарында күміс, алтын және қола алған Ольга Рыпакованың қызы. Токио-2020 ойындарынан Ольга Рыпакова алғаш рет жүлдесіз оралды.