• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Тамыз, 2021

Сәбет Жақыпбеков дүниеден өтті

427 рет
көрсетілді

Президент Күзет қызметі бастығының бұрынғы орынбасары Сәбет Жақыпбеков дүниеден өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен «ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі» ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының бұрынғы орынбасары - Үкіметтік байланыс агенттігінің директоры, ҚР ҰҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы генерал-майор Жақыпбеков Сәбет Малғаждарұлының қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,  делінген ведомство хабарламасында.

Генерал-майор Сәбет Жақыпбеков 20 жылдан аса Қазақстанның үкіметтік байланысын табысты басқарды және республикамыз бен ТМД елдеріндегі осы қызметтің ең танымал басшыларының бірі болды. Ол өз ісін қазіргі уақытта да жалғастырып келе жатқан жоғары кәсіби мамандар тобын тәрбиелеген.

Оның Қазақ КСР МҚК үкіметтік байланыс бөлімінің инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары, Үкіметтік байланыс агенттігінің директорына дейінгі мінсіз қызметі - өз ісіне және Отанына шексіз берілгендіктің үлгісі.

Жетістіктері үшін Генерал Сәбет Жақыпбеков "Құрмет Белгісі" орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталған. "КСРО МҚК құрметті қызметкері", "ҚР ҰҚК құрметті қызметкері", "Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Үкіметтік байланыс федералды агенттігінің құрметті қызметкері", "Құрметті байланысшы" белгілерімен марапатталған.

Отставкаға шыққаннан кейін ол «Нұрсат» телекоммуникациялық компаниясының президенті ретінде жұмысын жалғастырып, Қазақстан Республикасының тәуелсіз ұлттық спутниктік байланыс желісін құруға қатысқан.