«Пари Сен-Жермен» жаңа ойыншысы, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Интер Майамимен» келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дерек көзінің хабарлауынша, американдық клубтың иесі Дэвид Бекхэм аргентиналық спортшыны өз командасында көргісі келеді. Жақында Мессидің өзі Майамиде бірнеше үй сатып алғаны жөнінде ақпарат таралған болатын.
5 тамызда «Барселона» Мессидің кетуін жариялады. Ал 10 тамызда шабуылшы Пари Сен-Жерменнің ойыншысы атанды.
Аргентиналық париждіктермен тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшарт жасасты. Қазіргі уақытта Месси ПСЖ үшін әлі дебют жасаған жоқ.
Месси - «Барселонаның» түлегі. Ол 2000 жылдан бері Каталан клубы үшін өнер көрсетіп келеді.