Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
20 тамыз күні сағат 17:38-де ТЖД кезекші қызметіне Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылындағы өрт туралы ақпарат түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының 1 қабатты ғимаратында жөндеу жүргізіп жатқан кезде өрт шықққан.
Өрт аумағы 90 шаршы метрді құрады.
Ғимараттың қабырғалары рамадан, шатыры мембрана жабыннан жасалғаны белгілі болды.
Өрт сағат 18.53-те ауыздықталып, 19.20-да сөндірілді.
«Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрт сөндіршілердің болжамынша, отты абайсыз қолданудан нысан өртеніп кеткен», деп жазады ведомство.