• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2021

Коронавирус: Алматыда 500-ге жуық науқас жансақтау бөлімінде жатыр

171 рет
көрсетілді

Алматыда эпидахуал жақсармай тұр. Өткен тәулікте қалада 1 615 адамнан вирус анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте ауруханадан 263 адам жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны 478.

«Инфекциялық стационарларда 6 602 адам ем алып жатыр, оның ішінде 199-ы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 464 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында – 31 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ – 203, High flow аппаратының көмегімен 207 науқас демалуда», делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлері 14 295 науқасты бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 13 762, симптомсыз 533 науқас бар.

Сондай-ақ 22 тамыз күні коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 471 адам, 2-компонентін 3 528 адам алған. Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 841 986 адам, 2-компонентін 676 373 адам салдырған.