Атырауда баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алған адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол осыған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«12 сәуірде ҚР ӘҚБтК-тің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасалды. Іс әкімшілік сотта қаралды. Алайда, ерлі-зайыптылар сотта татуласып, іс тоқтатылды. Ағымдағы жылдың 24-шілдесінде әйел күйеуі өзін қорқытқанын айтып, арыз берді. Жәбірленушінің мәлімдемесі бойынша «ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша іс қозғалды. Азамат әйелінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін үш күнге қамауға алынды», деді полиция.
ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 22 тамыз күні кешке 30 жастағы әйелдің ауруханаға түскенін растады. Хабарлауынша, кеуде тұсында пышақ жарақаты болған.