• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 23 Тамыз, 2021

Паралимпиаданың ашылу салтанатында Ауғанстан туы көтеріледі

570 рет
көрсетілді

Паралимпиадаға Ауғанстаннан екі спортшы қатысуы керек еді, деп жазады Egemen.kz.

Токиода өтетін Паралимпиаданың ашылу салтанатында Ауғанстанның туын көтеріп, сол елдің жарысқа қатыса алмайтын спортшыларына қолдау білдіреді. Бұл туралы дүйсенбіде Жапония астанасында өткен баспасөз конференциясында Халықаралық Паралимпиада комитетінің басшысы Эндрю Парсонс мәлімдеді.

«Ауғанстанның туы Паралимпиаданың ашылу салтанатында шеруге қатысады. Оны алып жүру үшін БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының өкілін шақырдық. Сондықтан біз ынтымағымызды көрсеткіміз келеді. Олар Олимпиадаға қатысуы керек еді, бірақ, өкінішке қарай, бұл мүмкін болмады», деді ол.

Паралимпиадаға Ауғанстаннан екі спортшы қатысуы керек еді. Олардың арасында Закия Худадади бар, ол Паралимпиадаға Ауғанстан атынан қатысқан бірінші әйел болды. Ұлттық құрама Токиоға 17 тамызда келуі керек еді. Алайда, Ауғанстандағы жағдайға байланысты оларды Жапонияға жеткізудің қауіпсіз жолы болмай тұр.

«Талибан» қозғалысының содырлары 15 тамызда Кабулға ұрыссыз кірді және бірнеше сағат ішінде Ауғанстан астанасын толық бақылауға алды. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани қантөгісті болдырмау үшін елден кеткенін айтты. Бірқатар елдер азаматтары мен елшілік қызметкерлерін эвакуациялап жатыр.

Токиодағы Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.