• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 24 Тамыз, 2021

Токио-2020: Паралимпиада ойындары басталды

644 рет
көрсетілді

Токиода Паралимпиада ойындары сейсенбі күні басталып, 5 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыста спорттың 22 түрінен 539 медаль жиынтығы сарапқа салынады, бұл 2016 жылғы Паралимпиадаға қарағанда 11 жиынтыққа артық. Алғашқы марапаттар 25 тамызда велосипедпен, отыра семсерлесу және жүзу спорттары бойынша бәскеге түседі.

Қазақстанның намысын спорттың жеті түрінен 25 паралимпиадашы қорғайды.

«Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті, дзюдодан алты, пауэрлифтингтен бес, таэквондодан үш және жеңіл атлетикадан екі лицензия ұтып алды», делінген ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарламасында.