• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Тамыз, 2021

Украина Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

776 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 24 тамыз Украинаның тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украинаның Тәуелсіздік күні Украина КСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылы Украина тәуелсіздігінің Декларациясы туралы актіні қабылдауы құрметіне атап өтіледі.

Биыл Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу 22 тамызда басталып кеткен болатын. 

Бүгін ел астанасында Украина Қарулы Күштерінің мерекелік шеруі өтеді. 

Айта кетейік, 1992 жылғы ақпанда Жоғарғы Рада Украинаның Тәуелсіздік күнін тойлаудың ресми күні 24 тамыз деп бекітті. Оған дейін олар 1 шілде  – Тәуелсіздік күні деп атап өткен еді.