• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Тамыз, 2021

Ресей бірнеше елдің 500-ден астам азаматын эвакуациялайды

129 рет
көрсетілді

Ресей Қорғаныс министрлігі Ауғанстаннан Ресей, Украина және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше басқа да елдердің азаматын көшіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Ауғанстаннан 500-ден астам Ресей, Украина және ҰҚШҰ-ға мүше басқа елдердің  азаматтарын әскери  ұшақтармен эвакуациялауды ұйымдастырады.

Тапсырманы орындау үшін Ульяновск аэродромында орналасқан төрт әскери көлік ұшағынан тұратын әуе тобы құрылған. Бортта әскери-медициналық бригадалар, сондай-ақ су, азық-түлік және көрпе бар.

Әсіресе соңғы апталарда Талибан (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) Ауғанстандағы ірі қалаларды басып алып, 15 тамызда Кабулға кірген кезде елдегі жағдай шиеленісе түсті.  Ауғанстан президенті Ашраф Ғани «қырғынды болдырмау үшін» елден кеткенін мәлімдеді. 16 тамызға қараған түні «Талибан» саяси кеңсесінің өкілі Мохаммад Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын, штаттағы басқару формасы жақын арада белгілі болатынын айтты.

Бірқатар ел, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Германия Кабулдағы жалғыз әуежай арқылы өз азаматтары мен ауғандарды эвакуациялады. Талибандар сейсенбіде эвакуация 31 тамызға дейін аяқталуы тиіс екенін, содан кейін оған тыйым салынатынын айтты.