• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Иран Парламентінің Төрағасымен әңгіме

236 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ирандық тараптың бас­тамасы бойынша Иран Ислам Республикасы Ислам Консультативтік Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Али Лариджанимен телефон арқылы сөйлесті.

А.Лариджани Ислам ын­ты­мақтастығы ұйымы Парламенттік одағы Конференциясының 14-19 ақпанда Теһранда болатын 9-сессия­сына әзірлік барысы туралы хабардар етті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, осы форумға қатысу үшін қазақстандық парламентшілердің өкілетті делегациясы жіберілетін болады.

Төрағалар одан басқа, биылғы жылы парламентаралық байланыстар мен ынтымақтастық мәселелер, сондай-ақ аймақтағы жағдай жөнінде келіссөздер өткізуге уағдаласты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар