• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2021

Аз қамтылған отбасындағы әрбір оқушыға: 40 мың теңге

2121 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан әкімдігі «Жалпыға міндетті оқыту» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге 800 миллион теңге бөледі, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Биыл аз қамтылған отбасының әрбір оқушысына көрсетілетін көмек мөлшері 40 мың теңгені құрайды. Бұл туралы тамыз айындағы онлайн-кеңесте елорда әкімі Алтай Көлгінов айтқан болатын.

«Егер отбасыда төрт бала болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Осылайша, отбасы мектеп киімін, аяқ киім мен мектепке арналған керек-жарақтарын сатып алуға 160 мың теңге пайдалана алады. «Жалпыға міндетті оқыту» бағдарламасы биыл 11 тамызда басталды. Жалпы білім берумен 15 мыңнан астам оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Қажет болса, қамтуды қосымша арттыратын боламыз. «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында да оқушыларға көмек көрсетіледі. Бұл бағдарламамен тағы 7 мың бала қамтылады. Аудандық әкімдіктер болса, 2 мыңнан астам оқушыға мектеп керек-жарақтары бар сөмкелер табыстайды», деді Алтай Көлгінов.

Жалпыға міндетті оқыту шеңберінде көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар бала оқитын мектепке жүгінуі қажет. Көмек келесі санаттағы оқушыларға көрсетіледі:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балаларға; Отбасыларда тұратын жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; ТЖ салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.