Венесуэланың батысындағы Мерида штатында нөсер жаңбырдан соң көшкін жүріп, 15 адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.
Анд тауларына нөсер жауып, таулы ауылдардағы көшелерді жаңбыр суы басты.
Товар қаласында Мокотис өзені арнасынан тасып, бірнеше адамның өмірін қиды.
Журналист Леонардо Леон твиттерде қаланың кіреберісінде тұрған Товар тұрғынының кадрларын түсірді.
Шенеуніктер Товардағы электр станциясы зақымданғанын, тұрғындардың электр жарығы мен телефон байланысы болмағанын айтты.
Ел астанасы Каракаста да су тасқы орын алды.
Мокотис алқабында адам өліміне әкелетін көшкін бірінші рет болып отырған жоқ. 2005 жылы бірнеше өзеннің тасуы салдарынан осы ауданда 40-тан астам адам қаза тауып, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті.