• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Тамыз, 2021

Карантин режімі жеңілдетіледі

246 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантин режімін жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады. Біріншіден, 2021 жылғы 28 тамыздан бастап, Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектісіне демалыс күндері сағат 24.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына – Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат; сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі. Екіншіден, осы жылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22.00-ден 24.00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте эпиде­мия­лық жағ­дайды ескере отырып, Алматы қала­сында карантиндік шара­лар­дың жеңіл­детілуін демалыс күн­деріне биылғы 4 қыркүйектен бас­тап, ал жұмыс күндеріне биылғы 6 қыр­күйектен бастап енгізу жоспарла- нуда.

Сондай-ақ ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары осы жылғы тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмаларды берді: медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен тех­никалық персоналды вакциналауды аяқтау; санитарлық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; педагогтер, қызмет­керлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйе­сінің жұмысын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.