• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 26 Тамыз, 2021

Токио-2020: Паралимпиада қалашығында екі спортшы вирус жұқтырды

178 рет
көрсетілді

Токио-2020 Ұйымдастыру комитеті Паралимпиада қалашығындағы екі спортшының ПТР-тесті оң нәтиже бергенін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Сейсенбіде Паралимпиада қалашығында коронавирус жұқтырудың бірінші жағдайы тіркелді. Бір күннен кейін тағы екі спортшының тесті оң нәтиже көрсетті», деп жазылған хабарламада.

Жалпы, соңғы тәулікте 15 адамның коронавирус ижұқтырғаны анықталды. Оның ішінде оны - мердігер, үшеуі - ойын ұйымдастырушысы.