Қазақстанда 24 тамызда коронавирус пен пневмониядан тағы 141 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның 115-і COVID-19 вирусынан, қалғаны пневмониядан қайтыс болған.
26 тамыздағы мәлімет бойынша, 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (–111 242 + және 6 324 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 27 244 пациент стационарда, 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 857 адамның жағдайы ауыр, 516 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.