Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы екі көшенің уақытша жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бөкейхан көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты 26-29 тамыз аралығында Ұлы дала даңғылынан бастап Әбіш Кекілбаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.
Сонымен қатар 27-31 тамыз аралығында Сығанақ көшесінде Төле би көшесінен Е-306 көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылатын болады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп жазылған хабарламада.