• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Тамыз, 2021

Қазақстанның бес өңіріндегі жолдар зерттеліп жатыр

181 рет
көрсетілді

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, жол жамылғысы мен жер төсемінің қабаттарындағы материалдар қасиеттерінің өзгеруін зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде ғалымдар республикалық маңызы бар жолдардың алты учаскесіне талдау жүргізуде.Зерттеулер жол жамылғысы қабаттарының қозғалыс қарқындылығы мен құрамына, сондай-ақ, климаттық және топырақ-гидрологиялық жағдайларға байланысты көлік жүктемелерінің нәтижесінде беріктігінің, түйіршіктік құрамының, тығыздығының өзгеруін анықтау үшін жүргізіледі. Бұл жол төсемінің пайдалану сипаттамаларын зерделеуге, норматив талаптарына сәйкестігін тексеруге және құрылыс кезінде мердігер ұйымдардың бастапқы деректерімен салыстыруға мүмкіндік береді.Бүгінде ғалымдар еліміздің бес облысында "Ақтөбе-Атырау", "Петропавл-Ресей Федерациясы шекарасы", "Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы", "Қалбатау-Майқапшағай", "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" және "Қостанай – РФ шекарасы Екатеринбургке" дейінгі учаскелерінде жұмыс істеп жатыр.Алынған деректердің негізінде ведомстволық нормативтік-техникалық құжатты әзірлеу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар