• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 26 Тамыз, 2021

Қоғамдық көлікке Ashyq жүйесі енгізіле ме?

197 рет
көрсетілді

Қазір Қазақстанда тек бір өңірде қоғамдық көлікке міну үшін жолаушының Ashyq мәртебесі тексеріледі, деп жазады Egemen.kz.

Елорда әкімдігі қоғамдық көлікке Ashyq жүйесін енгізу жоспарланбағанын, бірақ  қолданыстағы санитарлық ережелер сақталатынын хабарлады.

«Қоғамдық көлікте сақталуы керек ережелер өзгеріссіз қалады. Ол бетперде кию, жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу, автобусқа алдыңғы есік арқылы міну. Ashyq жобасын енгізуді жоспарлап отырған жоқпыз», деді әкімдік.

Алматы қаласында да автобустарға Ashyq жүйесін қолданбайды. Қаладағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікте Ashyq бағдарламасын енгізу қарастырылмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда Атырау автобустарында Ashyq жүйесі енгізілген болатын. Бұл - Қазақстандағы қосымша арқылы қоғамдық көлікке кіру бақылауға алынған бірінші қала.