Болгарияның Денсаулық сақтау министрі Стойчо Кацаров төтенше эпидемиологиялық жағдай қараша айының соңына дейін ұзартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Еліміз коронавирустың жаңа толқынының алдында тұр. Вирус жұқтырғандар мен ауруханаға түскен науқастардың саны көбейді. Бұл үш ай аймақта эпидемиологиялық шараларды енгізуге және шекарадағы бақылауды реттеуге мүмкіндік береді», деді Кацаров бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.
Қазіргі уақытта Болгарияда 445 мыңнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Қайтыс болғандардың саны 18,5 мыңнан асты.
Балқан республикасындағы вакцинация көрсеткіші Еуропа Одағы елдері арасында ең төмен болып қала береді.