Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысының негізінде, білім беру мекемелерінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары қалай жүргізілетіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында келесі жағдайларда штаттық форматта оқытуды қамтамасыз ету қажет:
Педагогтер мен персоналды 100% вакцинациялау (сауыққаннан кейін 3 ай ішінде Сovid-19-бен ауырған тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды; Ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алушыларды QR-код (check-іn) бойынша тіркеу); Бетперде режимін сақтау; Рециркуляторларды, санитайзерлерді, тері антисептиктерін, дезинфекциялау және жуу құралдарын жеткілікті санымен қамтамасыз ету; Үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру; Үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізуге, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; Бұқаралық іс-шараларды (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салу; Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; Зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, оқытудың кабинеттік жүйесін жою; Асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейту.