• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2021

Әлемдегі эпидахуал қандай?

185 рет
көрсетілді

Egemen.kz 26 тамыздағы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады.

Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар және жағдайы ауыр  науқастар санының күрт өсуі байқалды. Тамыз айында ауруханаға жатқызу саны екі есе өсті.  Пациенттер саны 100 517-ге жетті, 1 тамызда бұл көрсеткіш  53 529 шамасында еді. Елдегі ең жоғары вирус жұқтыру көрсеткіші 14 қаңтарда - 142 229 адам тіркелді. АҚШ-тың кейбір штаттарындағы ауруханалардың жүктемесі толық. Джорджия, Кентукки, Теннесси және Айдахо қосымша қызметкерлер мен ресурстар сұратып отыр. Вирус жұқтырғандардың арасында вакцинацияланбаған азаматтардың саны көп, сондай-ақ балалар да бар

Латвия билігі коронавирус инфекциясының көбеюі туралы хабарлады. COVID-19 ауруының орташа екі апталық көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 100 шекті көрсеткішке жақындады. Соңғы күндері жағдайлардың күрт нашарлағаны байқалады. 24 тамызда 12 453 сынақтың 249-ы оң нәтиже көрсетті. Ауруханаға жатқызу, тиісінше өлім-жітім саны артты. SARS-CoV-2 вирусының құрбандарының жалпы саны 2 570 адамды құрайды.

Австралияда өткен тәулікте пандемия басталғаннан бері алғаш рет мыңнан астам жаңа типтегі коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Австралия аумағында 25 тамызда SARS-CoV-2 жұқтырудың 1123 жағдайы расталды. Оның 1029-ы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатына тиесілі. Тағы 80 жағдай Виктория штатында, қалған 14-і Австралияның астаналық аймағында тіркелді.

Бразилияда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның үшінші инъекциясы қыркүйектің екінші жартысында басталады, деп хабарлады Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі. Ведомство мәлімдемесінде бустерлік дозаларды бөлудегі басымдық иммунитеті әлсіреген адамдарға берілетіні хабарланды. Үшінші COVID-19 вакцинациясын олар екінші инъекциядан 28 күн өткен соң жасай алады.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.