• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Бердібек Сапарбаев: Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды

246 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты тұрғындарға көмектесу үшін өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда», деп жазды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев фейсбукте.

Оның сөзінше, зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізілген. Қазіргі таңда медициналық көмек көрсетілуде. 

Сондай-ақ ол Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылданып жатқанын жеткізді.