• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Тамыз, 2021

Қарызын азайтқан банктер

162 рет
көрсетілді

Қазір банк біткен сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін барын салып жұмыс істеуде. Соңғы бір айда төленбей тұрғанына 90 күннен асқан несие көлемі (NPL 90+) 400,4 млрд теңгеге қысқарған.

Секторда өз жағдайын барынша жақсартқан қар­жы институты ретінде Jusan Bank-ты айтуға бо­лады. Банк бір ай ішінде NPL 90+ көлемін 361,4 млрд теңгеге азайтып тастаған. Қазіргі көлемі – 76,2 млрд теңге.

«Банк қарыз портфелінің сапасын қоса алғанда өсім көрсеткіштері бойынша жүйелі саясат жүргізуде және «Цеснабанктен» қалған за­лал­ды «мұрадан» біртіндеп арылып жатыр. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша банк­тің зиян­ды заемдарының деңгейі 17,28 пайызды құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,5 есе төмен» деп жазады Finprom агенттігі.

90 күннен асқан қарыздарды қысқарту бо­йынша үздік үштікке ForteBank (-5,1 млрд теңге) және Halyk Bank (-3,9 млрд теңге) кірген. Бұл екеуі де зиянды заемдардан арылу үшін аз еңбектенген жоқ. Forte 2015 жылы өзіне қо­сақ­тап алған «Альянс Банк» пен «Темiр Банк» мұ­ра­ларын тазаласа, Halyk 2018 жылы өзі жұтып алған «Қазком» қарыздарын жабуға біраз уақыт жұм­сады.

Бірінші орында тұрған Jusan Bank-тың да биыл «АТФБанк»-пен дәм-тұзы жарасқанын білеміз. Биыл 6 қыркүйекте ресми түрде қосылады. Осылайша жаңа банк отандық несие нарығының 6 па­йызын, бүкіл банк секторы жиынтық акт­ив­те­рі­нің 8 пайыздан астамын еншілейді. Ал АТФ-тың NPL 90+ қарыздары аса көп емес: небәрі 5,7 пайыз деңгейінде ғана.