25 тамызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 143 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 тамыздағы мәлімет бойынша, 115 815 адам коронавирус инфекциясынан (–109 288 + және 6 527 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 26 796 пациент стационарда, 89 019 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 847 адамның жағдайы ауыр, 511 пациенттің жағдайы өте ауыр, 199 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.