• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Тамыз, 2021

Кабул әуежайы маңындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ден асты

275 рет
көрсетілді

Кабул әуежайы маңындағы жарылыстардан қаза тапқандардың саны 100-ден асты. Тағы 150 кісі жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап американдық ақпарат құралдары мәлімдеді. Лаңкестіктен 13 американдық жауынгер көз жұмып, 15 сарбаз жарақат алған. Тәліптер шабуыл болатынын алдын ала ескерткенін мәлімдеп отыр. Еске сала кетейік, таяуда Кабулдағы әуежай маңында екі жарылыс болды. Бірінші лаңкестік жәйт, әуежайға кіретін «Эбби» қақпасының алдында жүзеге асырылыса, екінші шабуыл «Барон» қонақ үйінің жанында болды. Екі шабуылды да Ирак және Левант лаңкестік ұйымының содырлары жүзеге асырған. Оқиғаға байланысты АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеме жасап, Кабул әуежайынан адамдарды эвакуациялау жалғаса беретінін жеткізді.

Лаңкестер бізді тоқтата алмайды. Біз оларға миссиямызға кедергі келтіруге жол бермейміз. Әуежайдан адамдарды эвакуациялау жалғаса береді. Мен сондай-ақ Ирак және Левант лаңкестік ұйымының нысандарына соққы беруге бұйрық бердім. Содырлар мұндай әрекетімен АҚШ-ты қорқыта алмайды, деді АҚШ Президенті.Қазір Кабулдағы әуежайдың қауіпсіздігін 5 мың 200 американдық сарбаз қамтамасыз етіп жатыр. Бірнеше күн бұрын Вашингтон жауынгерлерін шығара бастағанын мәлімдеді. Ал ресми дерекке қарағанда АҚШ Ауғанстанда 2001 жылдан бері 2 мың 500 сарбазынын айырылыпты.