• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Тамыз, 2021

Алматыда КВИ жұқтырған 166 бала ауруханада емделуде

163 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 5 765 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 561 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1467, симптомсыз – 94 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 633, келіп түскені – 578. «Инфекциялық стационарларда 5765 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 8 910 ), оның ішінде 166 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 469 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 196 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 216 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 868 пациент тұр. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 369 науқас. 499 адамда коронавирус белгілері жоқ.