Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан кейін теміржол рельстерінің жағдайы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Кеше біз нақты шаралар қабылдадық, қосымша 20 автобус бөлдік. Өйткені екі жақтағы, Алматы мен Шымкентте станциялар бар, пойыздар жүреді. Біз бұл автобустармен Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе бағытына баратын жолаушыларды жібереміз. Қазір тұрақта тұрған жолаушылар пойыздары жоқ. Жүк пойыздары ғана уақытша аялдап тұр. Қазір Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері теміржол рельстеріне зерттеу жүргізуде, содан кейін теміржолшылар сол жерге барады. Зерттеу нәтижесінде жүк пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаймыз», деді Бердібек Сапарбаев.